---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/toqaev-tengizshevrojl-zhshs-nyng-bas-direktory-imer-bonnerdi-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады

![Тоқаев «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/9ea80577a984994326e46f4a57a37abd-scaled.jpg)

**Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі коронавирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

---

Жарияланды: 2020-12-21T14:51:11+06:00

Жаңартылды: 2020-12-21T14:51:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/toqaev-tengizshevrojl-zhshs-nyng-bas-direktory-imer-bonnerdi-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.