---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/shymkenttik-policiya-qyzmetkeri-tuesirgen-selfi-tekseris-bastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкенттік полиция қызметкері түсірген селфи. Тексеріс басталды

![Шымкенттік полиция қызметкері түсірген селфи. Тексеріс басталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020122115425334789_2020122115284489045_2020122113032840000_.jpg)

**Шымкентте егде жастағы әйелді зорламақ болған күдіктіні ұстап, онымен селфиге түскен полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты тексеріс басталды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz-ке****сілтеме жасап.**

Бұл туралы полиция департаменті мәлімет етті.

> — Бұл қызметкерге қатысты қызметтік аудит басталды. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысының ұсталған адаммен түскен селфи суреті тарап, ол кеңінен талқыланды.

17 желтоқсанда ер адам подъезге кірген егде жастағы әйелдің ту сыртынан тап берген. Оны артынан келіп қылқындырып, талдырып, жерге құлатып, зорламақ болды, арасында есін жиып, қарсылық білдірген әйелді ол бірнеше мәрте жұдығымен басынан да ұрады. Бірақ қаскөй өз әрекетін соңына жеткізе алмай қалды, сырттан абыр-дабыр естілді ме, ол орнынан тұрып, тұра қашады. 20 желтоқсанда Шымкентте әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тіркелген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

---

Жарияланды: 2020-12-21T11:46:53+06:00

Жаңартылды: 2020-12-21T11:46:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/shymkenttik-policiya-qyzmetkeri-tuesirgen-selfi-tekseris-bastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.