---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/shymkentte-uej-kireberisindegi-zorlyq-aereketi-zardap-shekken-aejelding-zhaghdajy-ajtyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте үй кіреберісіндегі зорлық әрекеті: зардап шеккен әйелдің жағдайы айтылды

![Шымкентте үй кіреберісіндегі зорлық әрекеті: зардап шеккен әйелдің жағдайы айтылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_75976.png)

**Дәрігерлер Шымкентте зорлау әрекеті кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні бірінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізгенін хабарлады.

> «Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен әйелді бірінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Әйелге қажет медициналық көмек көрсетілген. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір учаскелік дәрігер үйіне барып қадағалап жатыр. Науқастың жағдайы — қанағаттанарлық. Әйелдің жағдайы нашарлаған жағдайда дәрігерлер мен психологтар шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын», — делінген ведомство хабарламасында.

---

Жарияланды: 2020-12-21T05:39:33+06:00

Жаңартылды: 2020-12-21T05:39:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/shymkentte-uej-kireberisindegi-zorlyq-aereketi-zardap-shekken-aejelding-zhaghdajy-ajtyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.