---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/qazaqstanda-spwtnik-v-vakcinasy-oendirile-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

![Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/murz1708.jpg)

**ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді, деп хабарлайды Qazaqpress Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.**

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2.млн доза вакцина өндіріледі.

> «Қазақстанда өндірілген «Спутник V»-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», — деді А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

---

Жарияланды: 2020-12-21T07:20:35+06:00

Жаңартылды: 2020-12-21T07:20:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/qazaqstanda-spwtnik-v-vakcinasy-oendirile-bastady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.