---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/almaty-oblysynda-bebi-bokstar-qojyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында беби-бокстар қойылды

![Алматы облысында беби-бокстар қойылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_76004.jpeg)

**Елімізде алғаш рет Еңбекшіқазақ ауданындағы көпсалалы ауруханада ата-анасы бас тартқан балаларға арналған беби-бокстар қойылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Аурухана директоры Жәмилә Әбеуова беби-бокстардың жанында бейнебақылау камералары болмайтынын, барлығы құпия болатынын атап өтті. Ол балаға қажет медициналық көмек бірден көрсетілетінін жеткізді.

> — Әйел баланы өмірге әкеліп, қиын жағдайда қалғанда, баладан бас тартқысы келсе, баланы тәрбиелеуге мүмкіндігі болмаса, моральдық жағынан баланы отбасында тәрбиелей алмаса, беби-боксқа келе алады . Мұнда бейнебақылау камерасы болмайды, оның баланы осында қалдыруға мүмкіндігі бар. Анасында 3 ай ойланып, баласын алуға мүмкіндігі бар, — дейді Әбеуова.

Еске салайық, 2017 жылы бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Қазақстанда беби-бокстар қоюды ұсынған еді.

---

Жарияланды: 2020-12-21T11:17:22+06:00

Жаңартылды: 2020-12-21T11:17:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/almaty-oblysynda-bebi-bokstar-qojyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.