---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/20/memleket-basshysy-premer-ministr-asqar-mamindi-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

![Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/d409d82fd68e81e55379d7f392c14f1b-scaled.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жайында есеп берді, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Үкімет басшысы республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бақылауда екенін, күнделікті жаңадан індетке шалдыққандардың саны 0,4 пайызға өсіп отырғанын, еліміз бойынша коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайызды құрайтынын айтты. Жұқпалы аурулар ауруханаларының 28 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 20 пайызында адамдар емделіп жатыр. Қазіргі уақытта COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл аймақта», Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта», қалған өңірлердің барлығы «жасыл аймақта» тұр.

Биылғы 19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның шеңберінде 3 мың ерікті азаматқа екпе егілуде.

2021 жылы наурыз айында Жамбыл облысы Қордай ауданында жылына қуаты 60 миллион мөлшерде вакцина шығаруға жететін биофармацевтикалық зауыт пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Қарағанды қаласында ресейлік «Спутник V» вакцинасын шығару өндірісін іске қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Мемлекет басшысына инвестиция тарту, өңірлерді дамыту жобаларын жүзеге асыру, халықты жұмыспен қамту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзге де өзекті мәселелері жөнінде баяндалды

---

Жарияланды: 2020-12-20T10:38:02+06:00

Жаңартылды: 2020-12-20T10:38:02+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/20/memleket-basshysy-premer-ministr-asqar-mamindi-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.