---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/20/almatyda-avtobws-zhol-apatyna-ushyrap-alty-adam-zardap-shekti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда автобус жол апатына ұшырап, алты адам зардап шекті

![Алматыда автобус жол апатына ұшырап, алты адам зардап шекті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_75931.png)

**Алматыда автобус жол апатына ұшырап, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен ондағы үш жолаушы, сондай-ақ, автобустағы екі жолаушы зардап шеккен, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz-****ке сілтеме жасап. **

> «2020 жылдың 19 желтоқсанында сағат 10.40 шамасында К есімді жүргізуші Lada Granta маркалы көлікпен келе жатып, Жүргенев көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп, Жангелдин көшесінің қиылысында 2.4 «Жол беріңдер» жол белгісін елемей, жол қиылысына шығып, оңтүстік бағытта келе жатқан Yutong маркалы автобуспен соғысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі, оның үш жолаушысы, сондай-ақ, автобустың екі жолаушысы зардап шекті», — деді анықтау басқармасының басшысы полиция майоры Олжас Шәріпов.

Lada Granta жүргізушісінің мас күйде болғаны айтылады.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

---

Жарияланды: 2020-12-20T10:31:15+06:00

Жаңартылды: 2020-12-20T10:31:15+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/20/almatyda-avtobws-zhol-apatyna-ushyrap-alty-adam-zardap-shekti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.