---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/19/shqo-da-karantin-uzartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО-да карантин ұзартылды

![ШҚО-да карантин ұзартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/54_main.jpg)

**ШҚО-да карантин ұзартылды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz-****ке сілтеме жасап.**

Бүгін облыстың бас санитар дәрігерінің тиісті қаулысы жарияланды.

> «Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылдың 21 желтоқсанында сағат 00.00-ден бастап 2021 жылдың 04 қаңтары сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын», — делінген қаулыда.

Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары сақталады.

Бұрынғыша мына шектерулер сақталады:

— қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелер мен кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдарда, көпшілік  ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, бейбіт жиналыстар, көрмелер, форумдар, конференциялар, жаңа жылдық іс-шаралар (корпоративтерді);

— жаппай отбасылық, салтанатты, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) іс-шаралары, оның ішінде үйде;

-көпшілік жиналатын орындарда (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (Концерт залдары, клубтар) жаңа жылдық театрландырылған көпшілік қойылымдар, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтері, шоу-бағдарламалар, концерттер және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол бермеуді бақылауды қамтамасыз ету.

---

Жарияланды: 2020-12-19T07:59:21+06:00

Жаңартылды: 2020-12-19T07:59:21+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/19/shqo-da-karantin-uzartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.