---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/19/gennadij-golovkin-qarsylasyn-nokawtpen-zhengip-21-maerte-chempiondyq-belbewin-qorghap-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды

![Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201219090849852e.jpg)

**Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы 41-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Қазақстандық боксшы Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты. Бұл кездесуде GGG өзіне тиесілі IBF және IBO белбеулерін қорғады.

Жекпе-жек тағдыры 7-раундтан кейін шешілді. Шеремета кездесуді жалғастырудан бас тартты. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Головкин кәсіпқой рингтегі 41-ші жеңісіне жетті, оның 36-сын нокаутпен аяқтады. Бұдан бөлек еншісінде бір тең есеп пен бір жеңіліс бар. Ал Камил Шеремета карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін поляк 21 жекпе-жекті (5-еуі нокаутпен) жеңіспен аяқтаған еді.

Айта кетейік, GGG бұл жекпе-жектен кейін орта салмақ рекордын қойды. 1995-2005 жылдар арасында америкалық Бернард Хопкинс әлем чемпионы титулын 20 рет қорғап, рекорд қойған еді. Ал Шереметаға қарсы жекпе-жекте Головкин титулдарын 21-рет қорғап қалды.

Еске салайық, бұған дейін бұл шоудың андеркардында қазақстандық Әли Ахмедов эквадорлық Карлос Гангорадан нокаутпен жеңіліп қалған болатын.

---

Жарияланды: 2020-12-19T03:17:30+06:00

Жаңартылды: 2020-12-19T03:17:30+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/19/gennadij-golovkin-qarsylasyn-nokawtpen-zhengip-21-maerte-chempiondyq-belbewin-qorghap-qaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.