Атырауда карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді

Атырауда карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді

Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың жаңа қаулысымен карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бас санитар дәрігердің №71 қаулысында: «Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», — делінген.

Қаулыға сәйкес, Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды.