---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/17/atyrawda-land-rover-zhuergizwshisi-14-million-tenggege-zhol-erezhesin-buzghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда Land Rover жүргізушісі 1,4 миллион теңгеге жол ережесін бұзған

![Атырауда Land Rover жүргізушісі 1,4 миллион теңгеге жол ережесін бұзған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/land-rover-atyrau.png)

**Атырауда полиция қызметкерлері 1,4 млн.теңгеге 51 рет жол ережесін бұзған Land Rover жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress****Mgorod.kz-ке сілтеме жасап.**

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығындағы Жарбосынов-Тайманов көшелерінің қиылысында тәртіп сақшылары Land Rover көлігін байқаған.

> «Алайда автоинспекторлар жүргізушіні тоқтатқан кезде ол талапты орындамай, оқиға орнынан із суытуға әрекет жасаған. Күдікті бұл ойын жүзеге асыра алмаған. Тексеру барысында 33 жастағы жүргізуші жалпы сомасы 1,4 миллион теңгеге 51 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Ол айыппұлдарды төлемей жүрген», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2020-12-17T05:46:23+06:00

Жаңартылды: 2020-12-17T05:46:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/17/atyrawda-land-rover-zhuergizwshisi-14-million-tenggege-zhol-erezhesin-buzghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.