---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/16/volejbolshy-qyzdardy-urghan-zhattyqtyrwshy-oez-aereketin-tuesindirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Волейболшы қыздарды ұрған жаттықтырушы өз әрекетін түсіндірді

![Волейболшы қыздарды ұрған жаттықтырушы өз әрекетін түсіндірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_75822.png)

**Желіде волейболдан қыздар командасының жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетовтің видеоүндеуі жарияланды, деп хабарлайды****Qazaqpress Lada.kz****-ке сілтеме жасап. **

Мұның алдында бапкердің әрекеті видеоға түсіріліп, тексеріске себеп болған еді.

Ер адам Жаңаөзендегі №3 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, видеороликтегі қыздар Жаңаөзен волейбол командасының мүшелері, олар жақсы көрсеткішке жетіп, спортта жетістігімен көрініп жүрген спортшылар.

> «Шеттен қарағанда шапалақ болып көрінгенімен, олай емес. Алтыншы нөмірдегі ойыншы команданың лидері, өз әрекетіммен оны ойынға қыздырып, команданы жандандыруға талпынысы болғанын қаладым. Әрекеттерім шеттен қарағанда ойыншыларға дөрекілік көрсеткендей болғаны үшін кешірім сұраймын», — дейді видеода Тұрмағамбетов.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде жаттықтырушының волейболшы қыздарды бетінен және басынан ұрғаны түсірілген видео пайда болған.

---

Жарияланды: 2020-12-16T10:33:48+06:00

Жаңартылды: 2020-12-16T10:33:48+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/16/volejbolshy-qyzdardy-urghan-zhattyqtyrwshy-oez-aereketin-tuesindirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.