қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

«Тәуелсіздікке тарту»: Талдықорғанда 120 коттедж елге үлестірілді

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Желтоқсан 16, 2020
«Тәуелсіздікке тарту»: Талдықорғанда 120 коттедж елге үлестірілді

Облыс орталығында тағы да қоныс той, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Сәтпаевтағы қыз зорлау оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот отырысы басталды

Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды

Арыстағы оқушылар төбелесі: мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды

Тәуелсіздік күні қарсаңында 120 үйдің кілті үлестірілді. Қарашаның қуанышымен бөлісуге Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Тұрлашев пен қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов арнайы келді.

Коттедж қалашығының бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жалпы ауданы 56,6 мың шаршы метр, құны 8,5 млрд.теңге болатын 620 жеке тұрғын үй құрылысы қарастырылған.  Бүгінгі күнге дейін аумағы 19,5 мың шаршы метрді құрайтын 228 коттеджге бұқара тұрақтанды. Мұнымен өңір халқын баспанамен қамту ісі толастап қалмады. Еліміздің басты мерекесіне орай, ауданы 12,3 мың шаршы метр болатын 120 үй қолданысқа берілді.  Аталған нысанды салуға 887,0 млн.теңге қаржы жұмсалған.  Ел игілігіне берілген бұл үйлер 12 бөлікке бөлінген, әр бөлімде 4 үй жапсарласа салынған.  Бұл өңір басшылығының тұрғындарға деген қамқорлығы.

«Құрметті Талдықорғандықтар, қымбатты қонақтар, ұлы мерекеміз тәуілсіздік мейрамы құтты болсын. Елбасының бастамасымен, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен іске асырылған «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы халық баспаналы болып жатыр. Бұл соның нәтижесі. Екі жылда облыста көп өзгеріс болып, тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Екі жыл алды салынған үйлердің ауданы 79 мың шаршы метр болса, биыл ол көрсеткіш 131 мыңға жетіп отыр. Келер жылы 211 мың шаршы метрден асады деген мақсатымыз бар. Үйлеріңіз жанға толсын, қуаныштарыңыз ұзағынан болсын»,- деді құттықтау сөзінде Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Тұрлашев.

Жаңа қонысқа табиғи газ кіргізілген. Сондай-ақ, су құбыры орнатылып, кәріз жүйесі тартылған. Көпшілікке пайдалануға берілген баспананың құрылысын «Техноснаб 2002» ЖШС жүргізген. Дәл осы күні құтты шаңырағына қол жеткізгендердің қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларға қараушы азаматтар, медицина қызметкерлері, зейнеткерлер мен тұрғын үй құрлыс жинақ банкнің салымшылары және толық емес отбасылар  да бар.

Ұлық мейрамның қарсаңында жаңа үйге қоныстанушылардың бірі ақ халатты абзал жан, Елдос Смайылов.

«Мен облыстық онкологиялық диспансерінде қызмет етемін. Мамандығым дәрігер-хирург. Семей қаласынан жұмыс бабымен наурыз айларында ауысып келдім. Бүгін біз үшін өте ерекше күн. Тәуелсіздік күніне орай үйлі болып жатырмын. Пандемия өршіп тұрған сәтте күн-түн демей жұмыс жасадық. Сол кездегі еңбек ақталды деген осы шығар. Осындай жағдай жасап отырған Елбасына, Президентімізге, Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлына мың алғыс. Еңбегімізді елеп шаңғырағымыздың кілтін табыстап жатыр. Өзімнің 4 балам бар. Соны ескеріп мемлекет тарапынан тегін үй беріп отыр. Біздің ұжымнан 5 адамға коттедж қалашығында тұру бұйырыпты, солардың бірі өзім болғаныма қуаныштымын»,-дейді дәрігер-хирург Елдос Ершатұлы.

Алматы облысында мемлекеттің  арқасында үйге қолы жеткендер тек жан кешті мамандық иелері ғана емес, толық емес отбасының өкілдері де бар. Өңір өркендесін  десе елдің жағдайы жақсаруы тиіс деген ұстанымды назарға алған Жетісу жерінің басшылығы мұндай азаматшаларды да өз қамқорлықтарына алып келеді.

Бұл қатардан қала тұрғыны Шолпан Мұхамеджанованы  да көруге болады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Көптен күткен кезегім келді.  Жалғыз басты анамын. Көзімнің ағы мен қарасы болған қызымды өзім жеткіздім. Қанша қиындық болса да жақсылықтан күдерімді үзбедім. Бүгін сол үмітім ақталды. Елінің ертеңі мен жай-күйін ойлаған мемлекетімізге рахмет»,-деді өз сөзінде.

Алдағы уақытта да  жаңа қоныстың кілті табысталады. Мәселен, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына жалпы ауданы 12,2 мың шаршы метр 133 үйді пайдалануға беру жоспарланған.  Негізінде биылғы жылы аумағы 24,8 мың шаршы метр болатын 253 коттедждің құрылысы жүргізілуде.

2021 жылы көлемі 12,6 мың шаршы метр  139 коттеджді пайдалануға беру көзделген, оның ішінде:

– бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 9,0 мың ш. м. 96 коттедж үй;

– жеке инвестициялар есебінен 3,6 мың шаршы метр  43 коттедж өз иесін табады деп күтілуде.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмнің екінші бөлімі жарыққа шықты

Келесі жаңалық

Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Сәтпаевтағы қыз зорлау оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот отырысы басталды
Қоғам

Сәтпаевтағы қыз зорлау оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот отырысы басталды

Наурыз 1, 2021
Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Қоғам

Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды

Ақпан 27, 2021
Арыстағы оқушылар төбелесі: мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды
Басты

Арыстағы оқушылар төбелесі: мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды

Ақпан 26, 2021
Алматыда жүк көлігі қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін
Басты

Алматыда жүк көлігі қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін

Ақпан 17, 2021
Қазақстандықтар Clubhouse әлеуметтік желісіне «шақырту» сата бастады
Басты

Қазақстандықтар Clubhouse әлеуметтік желісіне «шақырту» сата бастады

Ақпан 16, 2021
Көкшетау-Қызылорда пойызының жолаушысы жол үстінде босанды
Қоғам

Көкшетау-Қызылорда пойызының жолаушысы жол үстінде босанды

Ақпан 15, 2021
Келесі жаңалық
Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қарағанды ​​облысында аударылған автобустағылардың жағдайы белгілі болды

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алды

Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алды

Қаңтар 19, 2021
Қазақстанда доллар қымбаттады

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Желтоқсан 30, 2020
Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Ақпан 5, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты

    Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қалалық онкологиялық орталығы Қазақстандағы онкологиялық диспансерлердің арасындағы ең мықтысы болып танылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңатастағы 5 бала көз жұмған өрттің алдын ала себебі айтылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сапарбаев Жаңатастағы өрттен қаза болған 5 баланың ата-анасының шаңырағына барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 806 адам жұқтырған

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды
  • Сәтпаевтағы қыз зорлау оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот отырысы басталды
  • Ержан Жасыбаев Талдықорған әкімі болып тағайындалды

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.