---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/16/oralda-zhaenggir-han-sport-kesheni-ashyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда «Жәңгір хан» спорт кешені ашылды

![Оралда «Жәңгір хан» спорт кешені ашылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201216203704898e.png)

**Оралда Тәуелсіздік күніне орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті аумағында «Жәңгір хан» спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атап өткеніндей, бұл университет оқытушылары мен студенттері ғана емес, Зашаған кентінің тұрғындары үшін де қуанышты жаңалық болды.

> «Ата-бабаларымыз азаттық үшін алысып, әлемде жер көлемі жөнінен тоғызыншы орын алатын елімізді сақтап, осы күнге жеткізсе, Қазақстанымыздың одан әрі дамуы бүгінгі ұрпаққа байланысты. Ол үшін әр азамат білікті маман, патриоттық рухы күшті, дені сау адам болуы керек. Өңірде спорт кешендерін салуға жеке кәсіпкерлер де атсалысып, тұрғындар үшін спорт кешендерін іске қосып жатыр. Бұл залға да тұрғындар келіп, жеңілдікпен абонент алып, өз денсаулықтарын шыңдай алады», деді өңір басшысы.

Университет ректоры Асқар Наметовтің айтуынша, салауатты өмір салтын орнықтыру, студенттер мен оқытушылардың спортпен айналысуына жағдай туғызу мақсатында қолға алынған бұл жоба екі жылға есептелген. Алдағы жылы орындықтарымен стадион, екі жазғы алаң салынатын болады. Оның біреуі футзал, екіншісі волейбол алаңы болмақ. Мұның бәрінің жалпы құны – 429 млн теңге. Соның ішінде құрал-жабдықтарымен қоса алғанда, спорт кешеніне 229 млн теңге жұмсалды. Кешенде волейбол, футбол, фитнес, гимнастика залдары бар. Мұнда тұрғындар да келіп, жаттыға алады.

---

Жарияланды: 2020-12-16T14:57:24+06:00

Жаңартылды: 2020-12-16T14:57:24+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/16/oralda-zhaenggir-han-sport-kesheni-ashyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.