---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/15/shielide-urylar-siyrdy-zhengil-koelikpen-alyp-qashpaq-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шиеліде ұрылар сиырды жеңіл көлікпен алып қашпақ болды

![Шиеліде ұрылар сиырды жеңіл көлікпен алып қашпақ болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020121514583933978_korova_v_mashine.jpg)

**Қызылорда облысында жеңіл автокөлікке сиырды салып алып, ұрламақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Оқиға Шиелі ауданы Байгеқұм ауылының тұсында болған.

Күдіктілердің екеуі Қызылорда қаласының, ал үшіншісі аудан тұрғыны екен. Қазіргі уақытта бәрі Жанақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал тергеу барысында олардың 10-нан астам мал ұрлығына қатысы бары белгілі болды. Қаскөйлер осылайша бірнеше ауданның тұрғындарын зар қақсатып келіпті.

**Ғани Тұрсекеев, Жаңақорған аудандық ПБ басшысы:**

> — Жүргізілген тергеу амалдарының арқасында бұл азаматтардың бұған дейін де бірнеше рет ірі қара малды осы Жаңақорған ауданының төнірегінен ұрлап жүргені анықталып, айғақ заттар бірнеше сойылған малдардың терісі және бірнеше ірі қара мал тірідей сатылған жерінен алынды. Қаіргі уақытта аталған азаматтар Жаңақорған АПБ уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

---

Жарияланды: 2020-12-15T09:44:45+06:00

Жаңартылды: 2020-12-15T09:44:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/15/shielide-urylar-siyrdy-zhengil-koelikpen-alyp-qashpaq-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.