---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/15/aqmola-oblysynda-awyl-aekimi-zhol-apatynan-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола облысында ауыл әкімі жол апатынан қаза тапты

![Ақмола облысында ауыл әкімі жол апатынан қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/1561345641_news_b.jpeg)

**Тарасов ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратов жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл ақпаратты Ақмола облысының әкімдігіндегілер растады.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Атбасардан 20 шақырым жерде «Екатеринбург-Алматы» тасжолында болған.

> «Алдын ала мәліметтер бойынша, DAF автокөлігінің жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, Державинскінің 51 жастағы тұрғыны басқарған «Ваз-21214» автокөлігімен соқтығысқан. Соңғысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды», — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы») бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Сараптама тағайындалды.

DAF көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

---

Жарияланды: 2020-12-15T15:03:05+06:00

Жаңартылды: 2020-12-15T15:03:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/15/aqmola-oblysynda-awyl-aekimi-zhol-apatynan-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.