Алматы тауларында табылған ер адам қайтыс болды

Алматы тауларында табылған ер адам қайтыс болды

Алматы тауларында табылған Ерман Байменов қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Сағат 20.45-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады.

Айта кетсек, зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр болған.