---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/14/sergek-kameralary-endi-respwblikalyq-mangyzdaghy-zholdargha-ornatyla-bastajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Сергек» камералары енді республикалық маңыздағы жолдарға орнатыла бастайды

![«Сергек» камералары енді республикалық маңыздағы жолдарға орнатыла бастайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020121416000830029_2020121415070995744_800px-o74a0395.jpg)

**Қазақстанда 2021 жылдың басынан бастап Sergek камералары республикалық жолдарға орнатылады**, **деп хабарлайды****Qazaqpress****Zakon.kz****—****ке сілтеме жасап.**

ҚазАвтоЖол жол ережесін бұзу фактісін тіркеп, оны әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне өткізуге мүмкіндік беретін жүйені енгізуді жоспарлап отыр. Оны Sergek компаниясы арнайы бағандарға орнатады.

> — Sergek компаниясы баған орнатады, оған камера орналастырылады және олар жол ережелерін бұзу фактісін бірден тікелей анықтап, әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жеткізеді. Яғни, жол қауіпсіздігін сақтау бойынша республикалық жолдарда жұмыстар жүргізілуде, — дейді «ҚазАвтоЖол» АҚ басқармасының басшысы Ұлан Әліпов БАҚ-пен болған кездесуде.

Ол камералары бар осындай бағандар қазірдің өзінде қолданыстағы республикалық маңызы бар ақылы жолдарға орнатылып жатқанын атап өтті. Олар келесі жылдың наурыз-сәуір айларында іске қосылады деп жоспарланған.

Мысалы, Нұр-Сұлтан — Щучье тас жолында қозғалыс жылдамдығын анықтауға арналған камерасы бар баған бар. Осы камерадағы дерекке сәйкес, көптеген көлік бұл жолда сағатына 200 шақырымнан аса жылдамдықпен жүйткиді. Ал бұл жағдайда рұқсат етілген жылдамдық сағатына 140 шақырымды құрайды.

---

Жарияланды: 2020-12-14T13:40:51+06:00

Жаңартылды: 2020-12-14T13:40:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/14/sergek-kameralary-endi-respwblikalyq-mangyzdaghy-zholdargha-ornatyla-bastajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.