---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/14/almatynyng-tawly-awmaghynda-zhoghalyp-ketken-er-adam-2-taewlikten-kejin-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматының таулы аумағында жоғалып кеткен ер адам 2 тәуліктен кейін табылды

![Алматының таулы аумағында жоғалып кеткен ер адам 2 тәуліктен кейін табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_75738.png)

**Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен Ерман Байменовты тапты, деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Екі тәулік іздеуден кейін бүгін сағат 15:50-де 35 жастағы ер адам Құмбелсу өзенінің шатқалынан табылды.

> «Құтқарушылар зардап шеккен адамды жаяу қауіпсіз жолмен Құмбелсу өзені арқылы өтетін көпірге тасымалдауда. Ол жерде жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицина орталығының қызметкерлері күтіп тұр.Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы ауыр. Оны тасымалдау жұмысы тәуліктің қараңғы мезгіліне және тау беткейінің қауіпті тік болуына байланысты қиындады. Құтқару операциясына республикалық жедел-құтқару жасағының 26 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары шамамен бірнеше сағатқа созылады»,– делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2020-12-14T13:58:20+06:00

Жаңартылды: 2020-12-14T13:58:20+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/14/almatynyng-tawly-awmaghynda-zhoghalyp-ketken-er-adam-2-taewlikten-kejin-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.