---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/14/almatylyqtardy-400-mln-tenggege-aldap-ketken-alayaq-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматылықтарды 400 млн.теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

![Алматылықтарды 400 млн.теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020121411540565107_2020121411352492104_inshot-20201214.jpg)

**Алматыда 43 жастағы алаяқ халықты алдап, 400 млн.теңгені қолды еткен, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінен «жалға берілетін баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға, сондай-ақ тәркіленген жер учаскелері мен көліктерді электронды аукциондардан арзан бағамен сатып алуға көмектесе аламын» деген желеумен ол бірқатар адамның сеніміне кіріп, олардың қомақты қаражатын иемденген, келтірілген материальдық шығын көлемі — 400 миллион теңгеден асады, — делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында.

Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

> — Тергеу жалғасуда. Біз осы адамның заңсыз әрекеттері салдарынан зардап шеккендер болса, мына мекен-жайға хабарласауын сұраймыз: Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 55, Алматы қалалық ПД, ІІБ, АППБ Ішкі істер басқармасы аға тергеушісі И.Г.Литвиненко. Телефон нөмірлері: 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56, — ​​дейді Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

---

Жарияланды: 2020-12-14T07:21:31+06:00

Жаңартылды: 2020-12-14T07:21:31+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/14/almatylyqtardy-400-mln-tenggege-aldap-ketken-alayaq-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.