---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/13/uejrekterdi-qajyqpen-qaqqan-balyqshylar-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үйректерді қайықпен қаққан балықшылар ұсталды

![Үйректерді қайықпен қаққан балықшылар ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201213171710621a3729721i.jpg)

**Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары жабайы үйректерді үркітіп, қайықпен қаққан балықшыларды ұстады****, деп хабарлайды****Qazaqpress 24.kz-****ке сілтеме жасап.**

Екі азамат та Түпқарай аудандық полициясының бөлімшесіне жеткізілген. Полиция департаменті хабарлағандай, балықшылар жануарларға озбырлық танытқаны үшін жазаға тартылады. Яғни 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе түзету жұмыстарына жегіледі.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде балықшылардың Каспий теңізінде жүзіп жүрген үйректерді қиқулатып қуып жүріп қаққан видеосы жарияланған еді.

---

Жарияланды: 2020-12-13T12:19:52+06:00

Жаңартылды: 2020-12-13T12:19:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/13/uejrekterdi-qajyqpen-qaqqan-balyqshylar-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.