---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/13/almatyda-medina-sport-keshenindegi-oert-soendirildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда «Медина» спорт кешеніндегі өрт сөндірілді

![Алматыда «Медина» спорт кешеніндегі өрт сөндірілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201211194337678e.jpg)

**Алматыдағы «Медина» спорт кешеніндегі өрт сөндірілді, деп хабарлады бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.**

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 13 желтоқсан күні сағат 7.55 -те Төтенше жағдайлар департаментінің күштерi мен құралдары Әуезов ауданы Яссауи көшесiндегі спорт кешенінен шыққан өртті сөндіруге шықты.

Өрт сөндipушiлер келгенде бip қабатты «Медина» спорт кешенiнің ангар типті спорт залы жанып жатқан. Өрттің жақын орналасқан әкiмшiлiк ғимаратқа таралу қаупi туындап тұрды. Өрт сөндірушілер тиісті шараларды жедел қолға алды.

> «Оқиға орнында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамынан 70-тен астам адам, 19 техника және өзара әрекет ету қызметтерi жұмылдырылды. Қазipгi уақытта өрттiң таралу қаупi жоқ. 1000 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 8.43-те оқшауланып, сағат 8.53-те толықтай сөндірілді», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2020-12-13T04:31:11+06:00

Жаңартылды: 2020-12-13T04:31:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/13/almatyda-medina-sport-keshenindegi-oert-soendirildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.