---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/12/oralda-turghyn-uejde-oert-bolyp-eki-adam-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда тұрғын үйде өрт болып, екі адам қаза тапты

![Оралда тұрғын үйде өрт болып, екі адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201212100105890e.jpg)

**Оралда тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға И.Куличев көшесіндегі тұрғын үйде болды.

Жедел жәрдем 11 желтоқсан күні сағат 23.20-да шақырылып, үш бригада жұмыс істеді.

Өрт салдарынан 8 жасар ер бала мен 67 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Жеңіл дәрежеде газдан уланған 4 жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жеңіл дәрежеде газдан уланып, жарақат алған 43 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

БҚО ТЖ департаменті оқиғаны растап, мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.

---

Жарияланды: 2020-12-12T06:20:28+06:00

Жаңартылды: 2020-12-12T06:20:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/12/oralda-turghyn-uejde-oert-bolyp-eki-adam-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.