---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/12/oertte-bes-qyzynan-ajyrylghan-astanalyqtar-uldy-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өртте бес қызынан айырылған астаналықтар ұлды болды

![Өртте бес қызынан айырылған астаналықтар ұлды болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_75655.jpeg)

**Нұр-Сұлтандағы жан түршігерлік өртте бес қызынан айырылған астаналықтар Евгений мен Жанымгүл Ситер ұлды болды, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Facebook қолданушысы Тәңірберген Бердоңғар жазды.

> «Жанымгүл жүкті болған кезде, көз тимесін деп құпияда ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Барша халық атынан құттықтап, ұлыңызға Жаратушының ықыласы тисін деп дұға етеміз! Бауы берік болсын!», — деп жазды ол.

Еске салайық, бүкіл елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға 2019 жылдың 4 ақпанында болған еді. Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан — жекеменшік үйдің аумағындағы времянка өртенген. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала қаза тапқан еді.

---

Жарияланды: 2020-12-12T06:51:49+06:00

Жаңартылды: 2020-12-12T06:51:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/12/oertte-bes-qyzynan-ajyrylghan-astanalyqtar-uldy-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.