---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/12/aqtoebede-paeter-urlyghy-oership-tur/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде пәтер ұрлығы өршіп тұр

![Ақтөбеде пәтер ұрлығы өршіп тұр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201212184457658a3729549i.jpg)

**Ақтөбе полициясы 570 пәтер ұрлығын тіркеді, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Пәтер ұрысы заманауи техниканы сәтті пайдаланады. Олар есік, терезені ашу жолын еркін меңгерген.

> «Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 570 пәтер ұрлығы тіркелді. Көбіне еш кедергісіз ішке енген. 11 айдың қорытындысы бойынша пәтер ұрлығын жасағаны үшін 153 адам ұсталды. Мәселен сағат 23:15-23:30 аралығында бейтаныс адам Бөкенбай батыр көшесіндегі пәтерге еркін кіріп, сөмкеден 500 000 теңгені ұрлап кеткен. Шын мәнінде есік құлыпталмай қалған», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бейнебақылауды күшейту — ұрлықтың алдын алудың бірбен бір жолы болып отыр. Қала бойынша 6849 көпқабатты тұрғын үй бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Ал 11 810 тұрғын үй жеке күзет қызметімен қамтылған.

---

Жарияланды: 2020-12-12T17:28:12+06:00

Жаңартылды: 2020-12-12T17:28:12+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/12/aqtoebede-paeter-urlyghy-oership-tur/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.