---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/11/petropavldaghy-blokbeketter-alynady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Петропавлдағы блокбекеттер алынады

![Петропавлдағы блокбекеттер алынады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/photo_315668.jpeg)

**Петропавлда шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов брифингте мәлімдеді.

14 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап Петропавлда карантин режимі жеңілдетіледі.

> — Демалыс күндері Петропавлда қоғамдық көлік жұмыс істейді. Облыс ішіндегі автобус қатынасы жанданады. Кітапханалар, мұражайлар мен театрлар қайта ашылады. Діни нысандар жұмыс істей алады, — дейді СҚО әкімі.

500 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендер тек жексенбіде жұмысын тоқтатады. Бұрын олар демалыс күндері жұмыс істемеген еді.

---

Жарияланды: 2020-12-11T10:39:13+06:00

Жаңартылды: 2020-12-11T10:39:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/11/petropavldaghy-blokbeketter-alynady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.