Петропавлдағы блокбекеттер алынады

Петропавлдағы блокбекеттер алынады

Петропавлда шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов брифингте мәлімдеді.

14 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап Петропавлда карантин режимі жеңілдетіледі.

— Демалыс күндері Петропавлда қоғамдық көлік жұмыс істейді. Облыс ішіндегі автобус қатынасы жанданады. Кітапханалар, мұражайлар мен театрлар қайта ашылады. Діни нысандар жұмыс істей алады, — дейді СҚО әкімі.

500 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендер тек жексенбіде жұмысын тоқтатады. Бұрын олар демалыс күндері жұмыс істемеген еді.