---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/11/oeskemende-aghash-oengdejtin-kaesiporynnan-shyqqan-oert-soendirildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскеменде ағаш өңдейтін кәсіпорыннан шыққан өрт сөндірілді

![Өскеменде ағаш өңдейтін кәсіпорыннан шыққан өрт сөндірілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201211194337678e.jpg)

**Өскемен қаласында ағаш өңдейтін цехтан шыққан қызыл жалын ауыздықталды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сағат 16:00 шамасында Чистяков көшесінде орналасқан ағаш өңдейтін цехта өрт шыққан.

Тілсіз жау ғимараттың шатыры мен іштегі жабдықтарды шарпыды.

> «Цех жұмысшылары 20 минут бойы өртті өз күштерімен сөндірмек болған. Соның салдарынан жалын жан жаққа тез тарап кетті. Оқиға орнына 13 бірлік техника мен 50-ден астам құтқарушы жұмылдырылған. Сағат 18.39-да 480 шаршы метрді аумақты шарпыған тілсіз жау ауыздықталды» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Зардап шеккен ешкім жоқ.

---

Жарияланды: 2020-12-11T14:57:59+06:00

Жаңартылды: 2020-12-11T14:57:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/11/oeskemende-aghash-oengdejtin-kaesiporynnan-shyqqan-oert-soendirildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.