---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/11/koekshetaw-men-stepnogordyng-ajnalasyndaghy-sanitarlyq-postar-alynady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Көкшетау мен Степногордың айналасындағы санитарлық постар алынады

![Көкшетау мен Степногордың айналасындағы санитарлық постар алынады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201211220432a3729383d.jpg)

**Ақмола облысының «сары аймаққа» өтуіне байланысты Көкшетау және Степногор қалаларына кіреберістегі санитарлық постар алынады****, деп хабарлайды****Qazaqpress**** ****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Бұл туралы брифингте Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина айтты.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің айтуынша, Көкшетау және Степногор қалаларына кіреберістегі санитарлық постар алынды.

Сол себепті аталмыш қалаларға кіріп-шығуға кедергі жоқ, ПТР анықтама қажет емес.

> «Осы ретте облыс тұрғындары мен қонақтары қалаға кіріп-шығуы үшін санитарлық постар алынады, дегенмен, шұғыл қажеттілік болмаса, елді мекендер арасында жиі қатынаудың қажеті жоқ», — дейді өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

---

Жарияланды: 2020-12-11T16:23:33+06:00

Жаңартылды: 2020-12-11T16:23:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/11/koekshetaw-men-stepnogordyng-ajnalasyndaghy-sanitarlyq-postar-alynady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.