---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/11/altaj-koelginov-elordada-shughyl-sheshwdi-qazhet-etetin-3-problemany-atady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алтай Көлгінов елордада шұғыл шешуді қажет ететін 3 проблеманы атады

![Алтай Көлгінов елордада шұғыл шешуді қажет ететін 3 проблеманы атады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/201124105736112a3722269i.jpg)

**Елордада ЖЭС-3 құрылысы келер жылы аяқталмаса жылу тапшылығы болуы ықтимал****, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты.

> «Үшінші жылу электр стансасын аяқтау сынды жүйелі мәселелер бар. Келер жылы оның құрылысын аяқтамайтын болсақ, онда таяу уақытта жылу жетіспеушілігіне қатысты қиындықтар туындауы мүмкін», — деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының отырысында.

Сонымен қатар қала басшысы сумен жабдықтауға қатысты да мәселелердің бар екендігін баса айтты.

> «Суға қатысты үшінші сорғы-сүзгі стансасын салуымыз қажет. Әйтпесе, таяу уақытта су тапшылығы орын алады. Бұған қоса, кәріздік тазарту құрылғысын да салуға тиіспіз. Елорданың қарқынды дамуына, халық, көлік санының өсіміне қатысты өзге де проблемаларды айтпағанда осы үш мәселе жүйелі сипатқа ие болып отыр. Әрине, мұның барлық көлік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеме түсіреді», — деді Алтай Көлгінов.

---

Жарияланды: 2020-12-11T10:43:29+06:00

Жаңартылды: 2020-12-11T10:43:29+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/11/altaj-koelginov-elordada-shughyl-sheshwdi-qazhet-etetin-3-problemany-atady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.