---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/toqaev-respwblikalyq-byudzhetting-atqarylwyn-baqylaw-zhoenindegi-esep-komitetining-toeraghasy-natalya-godwnovany-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

![Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/20e541e3920a415d57cff14ebb8382e6-scaled.jpg)

**Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Қазақстан Президентіне жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру мәселесі бойынша Ұлттық экономика министрлігінде жүргізілген тексерудің қорытындылары жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар кездесу барысында бюджетаралық қатынастар және өңірлік дамудың өзекті проблемалары талқыланды. Мемлекет басшысы аталған мәселені Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында қарауға енгізуді тапсырды.

Кездесу соңында Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берілді.

---

Жарияланды: 2020-12-10T12:35:48+06:00

Жаңартылды: 2020-12-10T12:35:48+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/toqaev-respwblikalyq-byudzhetting-atqarylwyn-baqylaw-zhoenindegi-esep-komitetining-toeraghasy-natalya-godwnovany-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.