---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/oralda-eki-avtokoelik-tuejisip-uesh-adam-zharaqat-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда екі автокөлік түйісіп, үш адам жарақат алды

![Оралда екі автокөлік түйісіп, үш адам жарақат алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201210181652185e.jpg)

**Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Гастелло мен Қ.Миханова көшелерінің қиылысында болды.

Жедел жәрдем сағат 14.42-де шақырылды.

Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған 36 және 51 жастағы әйелдер, сондай-ақ 9 жасар қыз бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

---

Жарияланды: 2020-12-10T12:32:31+06:00

Жаңартылды: 2020-12-10T12:32:31+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/oralda-eki-avtokoelik-tuejisip-uesh-adam-zharaqat-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.