---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/nursultan-nazarbaev-bawyrzhan-bajbekti-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

![Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_75602.jpeg)

**Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.**

Кездесуде Б.Байбек Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияның үгіт-насихат кезеңіне әзірлігі және «Jas Otan» жастар қанатының съезін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұрғындарымен өткен кездесулерінің қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жоспарымен таныстырды.

> – Біз бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағдарлама бекітілді. Енді жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.

---

Жарияланды: 2020-12-10T15:40:00+06:00

Жаңартылды: 2020-12-10T15:40:00+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/nursultan-nazarbaev-bawyrzhan-bajbekti-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.