---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/erulan-zhamawbaev-oengirlerde-54-mlrd-tengge-igerilmegen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ерұлан Жамаубаев: Өңірлерде 54 млрд.теңге игерілмеген

![Ерұлан Жамаубаев: Өңірлерде 54 млрд.теңге игерілмеген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201210111610744a3728518i.jpg)

**ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игермеген өңірлерді атады, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

> «Жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,1 трлн теңгені құрады, атқарылмағаны — 208 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2,2 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала деректер бойынша оларға 1 желтоқсанға дейін 2 трлн теңге бөлінген. Олардың 96,7% игерілген. Атқарылмағаны — 66 млрд теңге, оның ішінде 12 млрд теңге үнемделсе, 54 млрд теңге игерілмеген», — деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Қаражатты игере алмаған өңірлер арасында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бар.

> «Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, жыл қорытындысында нысаналы трансферттер бойынша 26 млрд теңге сомасында жоспардың орындалмауы болжанып отыр. Оның негізгі себептері: мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу; жоспарға қарағанда алушылардың нақты санының азаюы; жұмыс жүргізу кестесінен артта қалу, жұмыс көлемінің орындалмауы. Сондықтан, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін барлық шараларды қабылдауы қажет», — деді Қаржы министрі.

---

Жарияланды: 2020-12-10T07:16:10+06:00

Жаңартылды: 2020-12-10T07:16:10+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/erulan-zhamawbaev-oengirlerde-54-mlrd-tengge-igerilmegen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.