---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/almaty-oblysynda-zhol-tazalyghyna-zhawapty-ujym-zhawapkershilikke-tartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында жол тазалығына жауапты ұйым жауапкершілікке тартылды

![Алматы облысында жол тазалығына жауапты ұйым жауапкершілікке тартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/212d9412-8bc5-45f6-a637-c894b82dad5d.jpeg)

 

**Алматы облысында жолдарды тазарту бойынша дұрыс жұмыс жасамағаны үшін жол ұйымы жазаланды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Алматы облысында жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында полиция тиісті ұйымдардың жолдарды күтіп ұстау талаптарына сәйкестігін тексереді.

> – Атап айтқанда, Алматы облысындағы жол ұйымдарының жолдағы қарды күреу жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында Полиция департаменті Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің инспекторлары «Сарыөзек-Көктал» және «Сарыөзек кентінің айналма автожолдарын» тексеру жүргізді. Тексеру барысында соңғы жауын-шашыннан кейін жолды тазалау және оған инертті материалдарды шашу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегені анықталды. Салғырттық нәтижесінде пайда болған қар мен мұз жол апаттарына әкеп соғуы мүмкін екені белгілі. Осыған орай, «Қазақавтожол» ЖШС № 18 ЖПУ жол ұйымына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-тармағына сәйкес автожолдарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК мөлшерінде 83 340 теңге айыппұл салынды. Анықталған кемшіліктерді жою туралы тиісті нұсқама берілді, – деп түйіндеді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серіжан Әбжанов.

---

Жарияланды: 2020-12-10T04:33:28+06:00

Жаңартылды: 2020-12-10T04:33:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/10/almaty-oblysynda-zhol-tazalyghyna-zhawapty-ujym-zhawapkershilikke-tartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.