---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/08/shyghys-qazaqstan-oblysynda-470-qarw-zangsyz-ajnalymnan-alyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шығыс Қазақстан облысында 470 қару заңсыз айналымнан алынды

![Шығыс Қазақстан облысында 470 қару заңсыз айналымнан алынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/3ebb766284bfda2f40949c5f2078ade3_xl.jpg)

**Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 470 қару тәркіленген, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Өңірде атыс қаруын қолдануға қатысы бар 21 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 12 жағдайда қару-жарақ заңсыз сақталған.

Тәртіп сақшылары барлық фактілер бойынша тергеу амалдарын жүргізді.

> «Қылмыстың алдын алу мақсатында биыл облыс аумағында екі рет «Қару» шарасы қолға алынған. Соның нәтижесінде 9 мыңнан астам шаруа қожалығы тексерілді. Полицейлер қаруды заңсыз сақтаудың 125 фактісін анықтаған. Азаматтық қару иелеріне 25 мың тексеру жүргізілді» дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 470 қару-жарақ заңсыз айналымнан тәркіленген. Оның ішінде 72 мылтық, 1365 оқ-дәрі және 2 келі жарылғыш зат бар.

---

Жарияланды: 2020-12-07T18:25:49+06:00

Жаңартылды: 2020-12-07T18:25:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/08/shyghys-qazaqstan-oblysynda-470-qarw-zangsyz-ajnalymnan-alyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.