---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/08/oeskemende-zhoghalyp-ketken-2-qyz-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскеменде жоғалып кеткен 2 қыз табылды

![Өскеменде жоғалып кеткен 2 қыз табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201208005730216a3727384i.jpg)

**Өскемен қаласында жоғалып кеткен екі қыз табылды, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Кәмелетке толмаған  Ананьева Арина мен Кабанова Виктория 5 желтоқсанда сағат 19.30 шамасында Өскемен қаласында Абай даңғылы, 21 мекен-жайында орналасқан Жастар үйінен белгісіз бағытта кеткен. Қазір екі қыз да аман-есен табылды.

> «Екі сағат бұрын кәмелетке толмаған екі қыздың да қайда екендігі анықталды. Виктория Кабанова жасөспірімдер үйіне өз еркімен қайтып келді. Сәлден соң Өскемен қалалық ПБ қызметкерлері Арина Ананьеваны тапқан. Алаңдауға негіз жоқ. Тәрбиеленушілермен психолог жұмыс жүргізуде. Олардың не себепті кетіп қалғаны анықталуда. Бей-жай қарамай, іздеуге атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамын», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

---

Жарияланды: 2020-12-08T04:26:56+06:00

Жаңартылды: 2020-12-08T04:26:56+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/08/oeskemende-zhoghalyp-ketken-2-qyz-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.