Нұр-Сұлтанда ер адам жарнамалық баннерді ұрлап кетті

Нұр-Сұлтанда ер адам жарнамалық баннерді ұрлап кетті

Нұр-Сұлтанда ер адам көшедегі жарнамалық баннерді ұрлап кетті, деп хабарлайды Qazaqpress.

Елорда көшелерінің біріне орнатылған жарнамалық баннерді ұрлау фактісі бойынша полицияға иелері хабарласты.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұрланған жарнамалық баннер алынып, иесіне қайтарылды», — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.