---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/08/almaty-oblysynda-birneshe-urlyqqa-qatysy-bar-qylmystyq-top-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

![Алматы облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар қылмыстық топ ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_75493.jpeg)

**Алматы облысының полицейлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды****Qazaqpress Polisia.kz****-ке сілтеме жасап. **

Дереккөз мәліметінше, қазан және қараша айларында 12 ұрлық дерегі тіркелген. Оның алты дерегі Талдықорған қаласында, бесеуі Сарқан және біреуі Көксу аудандарында тіркелген.

Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2, 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Полиция мәліметінше, тергеу барысында қылмыстық топ өкілдерінен олар қолды қылған тұрмыстық техника, қымбат киімдер, бағалы заттар мен өзге де ұрланған мүліктер тәркіленген.

> «Ұрланған заттардың бір бөлігі тергеу әрекеттері кезінде сатып алушылардан алынған. Тергеу барысында ұсталғандардың үшеуінің бұған дейін де біреудің мүлкін ұрлағаны және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
> 
> 
> 
> 
> Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, біреуі мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылған», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2020-12-08T14:45:41+06:00

Жаңартылды: 2020-12-08T14:45:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/08/almaty-oblysynda-birneshe-urlyqqa-qatysy-bar-qylmystyq-top-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.