---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/07/bas-memlekettik-sanitar-daerigerining-zhanga-qawlysy-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

![Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201207123205742a3727073i.jpg)

**ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтында Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Жаңа қаулыға сәйкес, босанатын жүкті әйелге перзентханаға серіктесін ертіп кіруге рұқсат етілмек. Ол үшін серіктес адамда нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы шарт.

> «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.
> 
> 
> 
> 
> «1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін: ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды,
> 
> 
> 
> 
> Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар Анықтама ұсынуға міндетті; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі», — делінген құжатта.

Осы қаулы 2020 жылғы 8 желтоқсанда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

---

Жарияланды: 2020-12-07T08:20:42+06:00

Жаңартылды: 2020-12-07T08:22:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/07/bas-memlekettik-sanitar-daerigerining-zhanga-qawlysy-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.