Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Атырауда «нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді» деген дәрігерлерге 18-20 жыл сұралды

Агзам Текенов by Агзам Текенов
7 декабря, 2020
Атырауда «нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді» деген дәрігерлерге 18-20 жыл сұралды

3-4 желтоқсанда Атырау облыстық мамандандырылған қылмыстық сотында былтыр қыркүйекте «жаңа туған сәбиді мұздатқышқа салып өлтірді» деп айыпталған бес дәрігердің ісі бойынша жарыссөз өтті, деп хабарлайды Qazaqpress Centralasian.org порталына сілтеме жасап.

Байланысты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды

Жарыссөз кезінде айыпталушылар – Атырау облыстық перзентханасының бұрынғы директоры Қуаныш Нысанбаев, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан, акушер Жәмила Күлбатырова, неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұханбетов пен Дариға Жұмабева өздеріне тағылған айыпты мойындамады.

Қуаныш Нысанбаев және акушер-гинеколог Асқар Қайыржан, акушер Жәмила Күлбатырова «кәмелетке толмаған адамды көпе-көрнеу және топ болып алдын ала сөз байласып өлтірді» деп айыпталған. Нысанбаевқа «пара алды» деген де айып тағылған. Ал неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұханбетов пен Дариға Жұмабева «қылмысты біле тұра хабарламады» деген күдікке ілінген.

Іске қатысып отырған прокурор Нұржан Жангереев 3 желтоқсанда өткен сот процесінде Нысанбаевты 20 жылға қатаң режимдегі түрмеге, ал Күлбатырова мен Қайыржанды 17 жылға жалпы режимдегі түрмеге қамауды; Нұрмұханбетов пен Жұмабеваның бас бостандығын үш жылға шектеуді сұрады.

4 желтоқсандағы жарыссөз кезінде акушер Күлбатырова шақалақтың өлі туғанын екі педиатр мен акушер-гинеколог растағанын, содан соң матаға орап мұздатқышқа қойғанын айтып, айыпты жоққа шығарды.

Ал Нысанбаев сот отырысында өзіне қатысты жарты жылдан астам тергеу амалдарының бірде-біріне қатыспағанын, пара алды деген айыпты мойындамайтынын айтты.

— Маған Жемқорлықпен күрес агенттігінің қызметкері «президент Тоқаевтың тапсырмасын орындап жатырмын» деді. Мен президент мырзаны куәлікке шақырғым келген, сот «президентті шақыртуға болмайды» деп шақыртпады. Маған «мойында» дейді. Нені мойындаймын? Егер менің пара алмақ болғаным рас болса неге бірден сол кезде кісендеп алып кетпеді. Осы істің президенттің, бас прокурордың назарына ілігіп, қайта қаралуын талап етемін, — деді ол.

Нысанбаев сарапшылар «шақалақтың табиғи түсікпен мерзімінен бұрын туып шетінегенін көрсеткенімен, істе дәлел ретінде ескерілмегенін» алға тартты. Ол түсік тастаған әйелдің қазір аяғы ауыр екенін айтып, «егер дәрігер кесірінен әйелдің денсаулығына нұқсан келсе, ол екіқабат болмас еді» деген уәжін де келтірді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сот үкімі келесі аптада шығуы тиіс.

Бұл қылмыстық сот биыл 23 мамырдан бері жалғасып келеді. Атырау облыстық перзентханасының бұрынғы директоры Қуаныш Нысанбаев, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан, акушер Жәмила Күлбатирова қамауда отыр. Ал екі неонатолог-дәрігер «ешқайда шықпау туралы» қолхатпен жіберілген.

2019 жылы қыркүйекте Атырау облыстық перзентханасының дәрігерлері «жаңа туған сәбиді қасақана өлтірді» деген күдікке ілінген. 

Тергеу «дәрігерлер өмірге келген нәрестені өлдіге санап, құжат толтырып жіберген. Бірақ кейін нәрестенің тірі екені анықталған. Ал дәрігерлер базаға енген құжатты өзгертпеу үшін нәрестені тоңазытқышқа салған. Нәрестені тоңазытқышта қалдыру туралы бұйрықты Атырау облыстық перзентханасының директоры берген» деп мәлімдеген.

Президент әкімшілігі құзырлы органдарға істі жіті тексеруді тапсырған. Осы шудан соң Атырау облысы денсаулық басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кеткен. Кейін оның үстінен «Салғырттық» бабымен қылмыстық іс қозғалып, оған бес миллион теңге айыппұл салынды және медициналық мекемелерде үш жыл басшылық қызмет атқаруға тыйым салынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, бұл жайт перзентхана директорына қатысты басқа істі тексеру кезінде белгілі болған. Бұл іс бойынша перзентхана директоры «шетінеген тағы бір нәрестеге жасалған сараптаманы өз пайдасына шешу үшін Атырау облыстық сот-медицина институтының басшысына 300 мың теңге (шамамен 800 доллар) пара берген» деп айыпталған.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Келесі жаңалық

Алматы облысында боранда қарға батқан жеті адам құтқарылды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Басты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

14 июня, 2026
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды
Басты

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

13 июня, 2026
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды
Басты

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды

13 июня, 2026
Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады
Басты

Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

12 июня, 2026
Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті
Мәдениет

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

9 июня, 2026
Келесі жаңалық
Алматы облысында боранда қарға батқан жеті адам құтқарылды

Алматы облысында боранда қарға батқан жеті адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында 470 қару заңсыз айналымнан алынды

Шығыс Қазақстан облысында 470 қару заңсыз айналымнан алынды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тарыдай шашылған: Әлемде қанша қазақ бар?

Тарыдай шашылған: Әлемде қанша қазақ бар?

1 сентября, 2021
Интеграцияны қызықты етудің бірнеше жолдары

Интеграцияны қызықты етудің бірнеше жолдары

27 ноября, 2021
Президенттің Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезінде сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз

2 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
  • Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
  • «Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.