Ақтауда жетінші қабаттан секірген ер адам көз жұмды

Ақтауда жетінші қабаттан секірген ер адам көз жұмды

Ақтауда әйел көпқабатты үйден күйеуінің артынан секірмек болды, деп хабарлайды Qazaqpress Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Ақтаудағы 17-шағын аудандағы үйлердің бірінде 7-қабаттан ер адам құлап түсіп, қайтыс болған. 5 минут ішінде тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен. Пәтерге келген жол полицейлері секірмек болғанын анықтаған», — делінген өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пәтер есігі ашық болған. Инспектор Мақсат Ішберген тез арада әйелге жүгіріп барып, ұстап үлгерген. Кейіннен әйелдің Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.