---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/07/almaty-oblysynda-boranda-qargha-batqan-zheti-adam-qutqaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында боранда қарға батқан жеті адам құтқарылды

![Алматы облысында боранда қарға батқан жеті адам құтқарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020120714404293594_whatsapp-image-2020-12-07-at-09-54-45.jpg)

**Үстіміздегі жылдың 6 желтоқсанында сағат 19.37-де Алматы облысы ТЖД кезекшілік байланыс пультіне Алакөл ауданында, «Көктұма» станциясы мен 16 разъезд арасындағы «Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауында екі автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, екі автокөліктің әр саонында екі ер адамнан болған,** **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz-****ке сілтеме жасап.**

Қатты боранның салдарынан жолды қар басып, көліктер қозғалысты жалғастыра алмады. Сағат 21.09-да Ақши ауылындағы Жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің күшімен аталған автокөліктер жолдың тазартылған жүріс бөлігіне сүйреп шығарылды және олар әрі қарай өз жүрісімен қозғалыстарын жалғастырды.

Сағат 13.14-те «Үшарал-Достық» автожолының 45-ші шақырымында Жалаңашкөл учаскесінде DAF маркалы жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Сағат 22.22-де Достық ст. 20-ӨСБ қызметкерлері аталған автокөліктен 2 адамды эвакуациялап, Достық станциясына жеткізді.

Сағат 22.22-де «Алматы – Өскемен»- Қапал Арасан шипажайы» автожолының 35 шақырымында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Салонда жалғыз жүргізуші ғана болды. Талдықорған қ. ЖҚЖ құтқарушылары шақырту орнына келген бойда аталған автокөлікте бензин таусылғанын анықтады. Сағат 23.58-де құтқарушылар жүргізушіні Талдықорған қаласына эвакуациялады.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қысқы кезеңде жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау үшін Алматы облысының ТЖД ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді қадағалауды, 112 қызметінің СМС хабарламаларын ескермеуді және ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеу енгізу кезінде жолға шықпауды сұрайды.

---

Жарияланды: 2020-12-07T13:47:10+06:00

Жаңартылды: 2020-12-07T13:47:10+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/07/almaty-oblysynda-boranda-qargha-batqan-zheti-adam-qutqaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.