---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/05/shymkentte-baghdarshamda-turghan-11-zhengil-koelikti-kamaz-soqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» соқты

![Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» соқты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201205144016906e.jpg)

**Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» келіп соққан,****деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Салдарынан 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні сағат шамамен 18:30-да Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында болған.

Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол рульге ие бола алмай қалған.

> «Тәуке хан даңғылының бойында жол белгілерінің барлығы орнатылған. Сызбалары сызылып, жол тегістелген. Сондықтан бұл жерде жол-көлік оқиғасын тудыратын ешқандай себеп жоқ», — дейді қалалық ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаев.

Қазіргі таңда «КамАЗ» жүргізушісіне тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

<https://youtu.be/3i5k2AtV9R8>

---

Жарияланды: 2020-12-05T12:01:21+06:00

Жаңартылды: 2020-12-05T12:01:21+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/05/shymkentte-baghdarshamda-turghan-11-zhengil-koelikti-kamaz-soqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.