---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/04/toqaev-ulttyq-bank-toeraghasy-erbolat-dosaevty-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

![Тоқаев Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/442e741d3e0d4875ce087b94865c5ef8.jpg)

**Мемлекет** **басшысы** **Ұлттық** **банк** **төрағасы** **Ерболат** **Досаевты** **қабылдады**, **деп** **хабарлайды** **Qazaqpress Akorda.kz-****ке сілтеме жасап.**

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 11 айдағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, әлемдік қаржы нарықтарының қазіргі ахуалы мен оларды қалпына келтірудің перспективалары туралы баяндалды. Сондай-ақ 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.

Президентке зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есеп беріліп, мемлекеттік қарызды басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар Ерболат Досаев Мемлекет басшысына орта мерзімді кезеңде Ұлттық Банкті және қаржы секторын цифрландырудың негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

---

Жарияланды: 2020-12-04T07:45:14+06:00

Жаңартылды: 2020-12-04T07:45:14+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/), [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/04/toqaev-ulttyq-bank-toeraghasy-erbolat-dosaevty-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.