---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/04/qazaqstan-twyn-balkongha-ilwge-ruqsat-berildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан Туын балконға ілуге рұқсат берілді

![Қазақстан Туын балконға ілуге рұқсат берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/15644729.jpg)

**27 қарашада Премьер-министр Асқар Мамин ғимараттардың қасбеттеріне мемлекеттік туды ілуге рұқсат беретін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран мәтінін пайдалану (белгілеу, орналастыру) ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды**, **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz-****ке сілтеме жасап. **

Қаулыға сәйкес, Ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы келесідей көрсетілген:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғаларға патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға) болады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын.

---

Жарияланды: 2020-12-03T19:14:13+06:00

Жаңартылды: 2020-12-03T19:14:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/04/qazaqstan-twyn-balkongha-ilwge-ruqsat-berildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.