---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/04/almatyda-paeter-urylary-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

![Алматыда пәтер ұрылары ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/ef2d24b9-2e24-4cc7-9c29-a9733e83e604.jpeg)

**Алматы****қаласында Шығыс Қазақстаннан келіп,** **пәтер** **тонаумен** **айналысқан** **қылмыстық** **топ** **ұсталды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Polisia.kz-****ке сілтеме жасап.**

Тәртіп сақшылары бес адамды Медеу ауданында кезекті қылмыс жасап, ізін суытқалы жатқан кезде жолын кесті.

> – Бұл топқа Шығыс Қазақстан облысының бес тұрғыны кіреді, олардың барлығының соттылығы болған, оның ішінде мүліктік қылмыстары үшін.  Тұтқындаудан біраз уақыт бұрын, қаскөйлер үй мүшелерінің жоқтығын пайдаланып, алматылықтардың пәтерін тонап, сол жерден ақша салынған сейфті, алтын заттар, киюге болатын киімдер мен екі ноутбукты ұрлап кеткен.  Олар ұсталды, заттай айғақтар тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.  Аталған факті бойынша іс жүргізуді Медеу аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі аумақтық құрамы бойынша жүргізуде.  Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

---

Жарияланды: 2020-12-04T04:57:53+06:00

Жаңартылды: 2020-12-04T04:57:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/04/almatyda-paeter-urylary-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.