---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/03/qazaqstannyng-3-oblysynda-awa-rajyna-bajlanysty-eskertw-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

![Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/20180402142200.jpg)

 

**«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, желтоқсанның 2-5 аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын, қар жауады. 3-5 желтоқсан күндері кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Таразда 3-5 желтоқсан аралығында кей уақытта тұман түсіп, 4-5 желтоқсан аралығында кей уақытта көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 3-5 желтоқсан аралығында тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 3 желтоқсан күні түнде 20°С аяз болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

---

Жарияланды: 2020-12-02T20:35:33+06:00

Жаңартылды: 2020-12-02T20:35:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/03/qazaqstannyng-3-oblysynda-awa-rajyna-bajlanysty-eskertw-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.