---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/02/tuerkistan-aewezhajy-alghashqy-turaqty-rejsti-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістан әуежайы алғашқы тұрақты рейсті қабылдады

![Түркістан әуежайы алғашқы тұрақты рейсті қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/c8e2597bc36c3c33ed944fe8b6d43b35_original.80763.jpg)

**2020 жылғы 1 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Түркістан қаласы әуежайының ұшу жолағына алғашқы ұшақ қонды****, деп хабарлайды****Qazaqpress** **Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.**

Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында қатынайтын алғашқы тұрақты рейсті отандық лоукост – «Fly Arystan» тасымалдаушысы орындады.

Нұр-Сұлтан-Түркістан бірінші рейсіне 168 әуе билеті сатылды (жүктеме 93%), кері бағытта — 161 (жүктеме 92%).

Түркістан халықаралық әуежайы – іргетасынан бастап жаңадан салынған Қазақстанның алғашқы әуежайы.

Бірінші кезеңде қазақстандық «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «SCAT» әуе компаниялары Түркістанды Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен, сосын еліміздің басқа облыс орталықтарымен күнделікті рейстермен байланыстырады.

Алғашқы халықаралық бағыттар Ыстамбұл мен Дубайға ашылады деп жоспарланып жатыр. Әуе қатынасы мен сала қалпына келген соң Мәскеу, Баку, Самарқанд және басқа қалаларға рейстер ашылады.

Шетел әуе компанияларын қолдап, ұшу географиясын кеңейту үшін Түркістан қаласының халықаралық әуежайы «ашық аспан» режимінде жұмыс істейді.  Мақсат — шетелдік туристерді түркі әлемінің рухани орталығына көптеп тарту.

Әуежайдың жалпы ауданы 905,3 га, жолаушылар терминалының ауданы — 10,5 мың м2, ұшу-қону жолағының көлемі — 3 300х45 м, өткізу қабілеті — сағатына 450 жолаушы.

---

Жарияланды: 2020-12-02T04:33:31+06:00

Жаңартылды: 2020-12-02T04:33:31+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/02/tuerkistan-aewezhajy-alghashqy-turaqty-rejsti-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.