---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/02/eraly-toghzhanov-%c9%99nshi-qaraqat-bashanova-men-boksshy-daniyar-elewsinovti-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ералы Тоғжанов əнші Қарақат Башанова мен боксшы Данияр Елеусіновті қабылдады

![Ералы Тоғжанов əнші Қарақат Башанова мен боксшы Данияр Елеусіновті қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/4dcfb4b8eca1b010e8675bad29cb0eff_original.244794.jpeg)

**Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова XVIII «Балалар Евровизиясы» əн байқауында екінші орын алған Қарақат Башанованы, əнші орындаған Forever əнінің авторы, композитор Хамит Шанғалиевті жəне орта салмақта IBF Intercontinental алтын белдеуінің иегері Данияр Елеусінов пен боксшының əкесі Марат Елеусіновті қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.**

Ералы Тоғжанов пен министр Қарақат Башанова мен Данияр Елеусіновке халқымызды жарқын жеңіспен қуантып, еліміздің атын шығарып жүргені үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, Қарақат Башанова XVIII «Балалар Евровизиясы» əн байқауында 152 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал Данияр 28 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында бокс кешінде намибиялық Джулиус Индонгоны 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кəсіпқой бокстағы 10-жекпе-жегін өткізген отандасымыз алғашқы алтын белдеуін иеленді.

---

Жарияланды: 2020-12-02T14:42:00+06:00

Жаңартылды: 2020-12-02T14:42:00+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/02/eraly-toghzhanov-%c9%99nshi-qaraqat-bashanova-men-boksshy-daniyar-elewsinovti-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.